Әділғазы Қайырбеков 1955 жылдың 10 қаңтарында Абай облысы (бұрынғы Семей облысы) Ақсуат ауданынының Қожагелді ауылында туған. Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепті 1972 жылы, қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филологияфакультетін 1978 жылы тәмәмдаған. С.Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей-үйінде экскурсовод (1978–1979), Қазақ телевизиясының Жастар редакциясында редактор (1979–1981), «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде Мәдениет және Әдебиет бөлімдерінің тілшісі, меңгерушісі, редакциялық алқа мүшесі(1981–1991), ҚР Парламентінің «Халық Кеңесі» газетінде Руханият бөлімінің меңгерушісі (1991–1996), Еларалық «Қазақ Елі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары – «Шалқар» қосымшасының редакторы (1996–1999), «Қазақ Энциклопедиясы» Бас редакциясының жетекші маманы (1999–2000), Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінің директоры (2000–2023), аға ғылыми қызметкері (2023 жылдан).
Ақын, ғалым, журналист, қоғам қайраткері. Қазақстанның құрметті жазушысы. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.